Арыс – Түркістан каналында орналасқан көпір жөнделуде

16 Ақпан 2021, 00:20
1787
Бөлісу:
Арыс – Түркістан каналында орналасқан көпір жөнделуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласында Кентау – Түркістан бағытындағы Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолы аралығындағы Арыс – Түркістан каналында орналасқан көпірді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталған аумақта жаяу жүргіншілер жолының да адамдар үшін ыңғайлы, жарық болуы қарастырылған. Атап айтсақ, автокөлік жолынан бөлек 2 метрден жүргіншілер және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус қою қарастырылып отыр. Одан бөлек, кіші архитектуралық пішіндер, жарықшамдар, орындықтар, қоршау және қоқыс жәшіктері болады, - делінген баспасөз қызметінің мәліметінде.

Жалпы, ескі көпірді жаңа заманауи әрі тарихи келбетке келтіру жұмыстары 5 ақпанда басталған. 20 ақпанда көпірді жөндеу жұмыстары аяқталады деп жоспарланып отыр.

Көпір құрылысының жөндеу жұмысына 52 жұмысшы мен 10-ға тарта техника жұмылдырылған.


Өзгелердің жаңалығы