Михаил Козачков: Арыс пен Байзақ ауданындағы жарылыстың себебі – жемқорлық

8 Қыркүйек 2021, 17:02
3627
Бөлісу:
Михаил Козачков: Арыс пен Байзақ ауданындағы жарылыстың себебі – жемқорлық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Antikorlive» жобасында журналист Михаил Козачков мәлім етті.

Оның айтуынша, қоғам жемқорлықтың соңы немен аяқталатынын жақсы біледі. Қоғамда болып жатқан түрлі жағдайлардың түбінде сыбайластық тамыры кең жайылған.

Адамдар үлкен қиындықтарға тап болған кезде оның себебін іздейді. Мәселен, Арыс пен Жамбыл облысындағы жарылыстарды атап кетсек. Оның себебін қоғам бірден білді. Бөлінген қаржының бәрі жымқырылып, ақыр соңы қарапайым азаматтардың зардап шегуіне әкелді. Тағы бір мысал, Денис Теннің өлімі. Оның бұндай оқиғаға тап болуына да жемқорлық кінәлі. Оның өршігені соншалық, көшедегі көліктердің әйнегін ұрлап сатуға дейін мүмкіндік берген. Ақыр соңында спортшымыз Денис Теннің қаза болуымен аяқталды. Осыған қарап сыбайластықтың қоғамды қайда апаратынын көре аламыз. Өкінішке қарай біз мұндай оқиғалардан сабақ алмаймыз немесе кеш қалып жатамыз, - деді ол. 

Сонымен қатар ол сыбайлас жемқорлықтың қоғам арасынан бастау алып, қалыптасатынын айтты.

Бізде бас тарту сезімі жоқ. Қоғам арасында үлкен және кіші деңгейде сыбайластыққа апаратын келісімдер бар және бұл адамдар үшін қалыпты. Болашақта ол сыбайлас жемқорлық деңгейін арттыра түседі. Бұл үдеріс қалыптасып келеді, -деді тілші. 

Журналист атағандай, біз көп нәрсеге бей-жай қараймыз. Мұндай мәселелерді алдын алу үшін дамыған елдердің тәжірибесіне көз жүгіртуміз керек.

Біз антиплагиатпен күреспейміз. Елде антиплагиатқа бей-жай қарайды. Мәселен еңбектерінде антиплагиат анықталған вице-министр Жақыповты айтуға болады. Оны Білім мен Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жұмыстан босатқанымен кейіннен Ұлттық университеттің проректоры болып тағайындалды. Бұл плагиатты біз емес, халықаралық антиплагиат жүйесі анықтап отыр. Оны шынымен көшірме екенін тексеру керек еді. Тіпті кейбір елдерде антиплагиат анықталса министрді жұмыстан босатады. Ал біздегі білім саласы мұндай мәселеге салғырт қарайды, - деді Михаил Козачков. 

 

Өзгелердің жаңалығы