Арыс қаласында Дінмұхаммед Қонаевтың бюсті орнатылды

9 Желтоқсан 2021, 11:49
1605
Бөлісу:
Арыс қаласында Дінмұхаммед Қонаевтың бюсті орнатылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында Арыс қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаевтың бюсті орнатылды, деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.


Айтулы шараға қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, зиялы қауым өкілдері және қайраткердің інісі Дияр Қонаев қатысты. Жиында қала әкімі атпал азаматтың Арыс қаласына сіңірген еңбегіне тоқталды.
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің 1956 жылғы 31 шілдедегі Жарлығымен Арыс - қала мәртебесіне ие болғаны белгілі. Мінекей, тура 65 жыл бұрын осы Жарлықтың күшіне енуіне Дінмұхамед Ахметұлы айрықша ықпал еткені ақиқат. Біз бүгін ел игілігі үшін ерен еңбек еткен ерлердің есімін ұлықтап, кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында осындай салтанатты шарада бас қосып тұрмыз. Бұл біз үшін зор мәртебе, - деді Гүлжан Мамытқызы.
Арыс қаласында Дінмұхаммед Қонаевтың бюсті орнатылды

Айта кетейік, ұлт мақтанышының бейнесі айшықталған мүсінді Арыс қаласының тумасы, Суретшілер одағының мүшесі Тілеуберді Бинашев сыйға тартты.

Арыс қаласында Дінмұхаммед Қонаевтың бюсті орнатылды

 

Өзгелердің жаңалығы