Арыс арқылы жүретін пойыздар кестесі қалпына келді 

3 Шілде 2019, 13:03
2696
Бөлісу:
Арыс арқылы жүретін пойыздар кестесі қалпына келді  

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі таңда Арыс арқылы жол жүру толықтай қалпына келтірілді, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Арыс оқиғасына байланысты жолда қалған жолаушыларды жақын маңда орналасқан стансалар мен қалаларға тасымалдауға қол ұшын созған Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары және Шымкент пен Алматы қалаларының Әкімшіліктеріне, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар Комитетіне және де еріктілер мен меценаттарға алғысын білдірді.

Төтенше жағдай кезінде 24 мен 27 маусым аралғында Тараз, Шымкент және Түркістан қалаларына пойыз және автокөлік арқылы 15 мыңнан астам жолаушы тасымалданды. Жолдан бөгелген пойыздарда қалған жолаушыларға тегін ауыз су мен тамақ берілді.

"Осы аралықта билет кассаларына жүгінген жолаушыларға 50 млн теңгенінің билет құны қайтарылды. Сондай-ақ Компания Арыс қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына дейін 200 баланы жеткізуге атсалысты. Қазіргі таңда Арыс арқылы жол жүру толықтай қалпына келтірілді", - делінген таратылған ақпаратта.     

 


Өзгелердің жаңалығы