Арықтауға көмектесетін ең оңай тәсіл белгілі болды

23 Сәуір 2025, 20:09
1097
Бөлісу:
Арықтауға көмектесетін ең оңай тәсіл белгілі болды
Фото: pixabay.com

Диетолог маман тез арықтау үшін қатаң диеталарды ұмытып, қарапайым әрекетке көшу керек екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Испаниялық диетолог Карлос Андрес Сапатаның пікірінше, сәтті арықтау үшін қатаң диеталарды ұмытып, қарапайым әрекетке көшу керек. Яғни, шайнауға назар аудару қажет. Бұл күтпеген, бірақ тиімді тәсілді диетолог маман El Confidencial басылымына берген сұхбатында айтқан.

Дәрігердің айтуынша, өзіңізді тамақтан шектеп, "сиқырлы" диеталарды іздеудің қажеті жоқ.

Ең маңыздысы, тамақтану процесіне көңіл бөлу. Ауызға түскен әрбір түйірді кемінде 30 рет шайнаған дұрыс. Бұл тек ішек жұмысын жақсартып қоймай, азырақ жеуге де көмектеседі. Баяу тамақтану ағзаға тойыну сезімін уақытылы сезінуге мүмкіндік береді және артық тамақтанудың алдын алады. Егер адам үнемі жылдам тамақтанса, бұл артық салмақ пен ас қорыту мәселелеріне әкелуі мүмкін, - дейді Карлос Андрес Сапата.

Диетологтың бұл кеңесі Испанияның Азық-түлік қауіпсіздігі және тамақтану агенттігінің (The Spanish Agency for Food Safety and Nutrition, AESAN) ұсыныстарымен үндеседі. Сарапшылар тек тамақтану рационына емес, жалпы тамақтану әдеттеріне де назар аудару маңызды деп есептейді.  

Өзгелердің жаңалығы