Қарындасын иттен құтқарған 6 жасар бала "WBC құрметті чемпионы" атанды

16 Шілде 2020, 14:48
1752
Бөлісу:
Қарындасын иттен құтқарған 6 жасар бала "WBC құрметті чемпионы" атанды
PHOTO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Вайоминг штатында тұратын алты жасар Бриджер Уокер кішкентай қарындасын иттен қорғау үшін өз өмірін қатерге тікті.  

Ит жас баланы қауып алған. Соның нәтижесінде 90 тігіс жасау керек болған.

Ер жүрек баланың оқиғасын Instagram желісінде тәтесі Никки Уокер баяндап жазған. Бұл жағдай 9 шілдеде болған. Алты жасар бала қарындасына жүгіріп келе жатқан итті көріп, ортада бөгет болады. Тіпті, иттің тістегеніне қарамастан қарындасының иттен жасырынуына көмектеседі.
Ит бірнеше рет беті мен басын тістеген. Бриджгер бәрібір қарындасының қолынан ұстап, қауіпсіз жер іздеу үшін иттен қашады. Кейін ол бізге: "Егер біреу өлетін болса, бұл мен болуым керек" деп айтты, - деп жазады Никки Уокер.
29f2-bf81-cf41-0a09.png

Жарақаттың салдарынан пластикалық хирург балаға 90 тігіс салған.
Қазір ол үйде демалып жатыр. Көңіл-күйі жақсы, күле алады. Бірақ қатты күлуге мүмкіндік жоқ. Біз ержүрек ұлымызды жақсы көреміз және барлық супер қаһармандар олардың қатарына кімдер қосылғанын білсін.  Ит иесі - Бриджерге және оның отбасына мейірімділік танытқан керемет адамдар екенін айтты. Біз ешкімге кек сақтамаймыз, - деп жазды Бриджердің тәтесі.

Айта кетейік, Бүкіләлемдік бокс кеңесі қарындасын иттен құтқарған 6 жасар батыр бала Бриджер Уокерге "WBC құрметті чемпионы" атағын берді.



Өзгелердің жаңалығы