Артылған білім гранттары қалай бөлінеді?

Артылған білім гранттары қалай бөлінеді?
823

ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Ержан Әмірбекұлы биыл білім гранттарының қалай бөлінгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Спикердің дерегінше, биыл ҰБТ тапсырған 154 мың түлектің 33 пайызы шекті бал жинай алмаған. Түлектердің 80 мыңнан астамы грант конкурсына қатысқан. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 5 мыңға көп.

Бірнеше жыл қатарынан талапкерлердің таңдауы өзгеріссіз қалып отыр.  Биыл талапкерлердің сұранысы педогогикалық бағыттағы мамандықтар болды. Сондай-ақ стамотология мен медициналық мамандықтарға сұраныс өте жоғары болды.  Жалпы, елімізде қай мамандықтар бойынша тапшылық бар сол салаға гранттар көбірек бөлінеді. Мәселен, техникалық мамандықтарға жалпы гранттың 60 пайызы бөлініп отыр, - деді Ержан Әмірбекұлы.

Сонымен қатар Әмірбекұлының айтуынша, биылғы ҰБТ-дағы ең жоғарғы көрсеткіш - 138 балл, ал ең төмені - 50 балл.

Артылған гранттар тиісті бағыттар бойынша арнайы категориядағы талапкерлерге бөліну жұмысы жалғасады, - деді ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Ержан Әмірбекұлы. 

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы