«Артта қалып қоясыздар». Кристалина Георгиева Орталық Азия елдеріне үндеу жасады

8 Маусым 2023, 12:56
1091
Бөлісу:
«Артта қалып қоясыздар». Кристалина Георгиева Орталық Азия елдеріне үндеу жасады
Фото: instagram.com/kristalina.georgieva

Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева Орталық Азия елдеріне ескерту жасады, деп жазалды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, өңірде орналасқан мемлекеттер бір-біріне жақындығын тиімді пайдалануы тиіс. Әйтпесе, әлеуметтік-экономикалық тұрғыда артта қалуы мүмкін. Сондай-ақ спикер жаһандық инфляцияның кеңінен етек жайып бара жатқанын, бұл ретте құрылымдық өзгерістерді бағамдау керегін алға тартты.

Реформа және тағы да реформа. Егер сіздер осы қарқынмен жылдам өзгермесеңіздер артта қалып қоясыздар. Өңірде халықтың 60 пайызы 30 жасқа дейінгі тұрғындар, осы орайда бұл азаматтардың өз әлеуетін толық пайдалана алатындығына көз жеткізулеріңіз керек. Орталық Азия әлемге бірлесіп жұмыс істеуге болатынын көрсете алады, - деп пайымдады Кристалина Георгиева.

Оның айтуына қарағанлда, пандемия мен соңғы жаһандық жағдай мәселелеріне байланысты өзіндік интеграция мен ұлттық стратегиялық жоспарларды талап етеді.

Мұның бәрін тиімді түрде азаматтарымыздың мүдделерін қорғау арқылы жүргізуіміз керек, - деп түйіндеді Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры.

Өзгелердің жаңалығы