ART Sport үйірмелері жабыла ма? – вице-министр жауап берді

28 Сәуір 2022, 19:00
3064
Бөлісу:
ART Sport үйірмелері жабыла ма?  – вице-министр жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Балалардың спорты мен шығармашылығына арналған бағдарламаның сайты екі ай бойы істемей қалған.  

Наурызда мыңға жуық ата-ана өздерінің балаларын үйірмелер мен секцияларға тіркей алмай жүргенін айтып шағымданды. Себебі сайт өтінішті қабылдамайтын болған. Бұл мәселе ата-аналар арасында жиі көтерілді. Жобаға бөлінген миллиондаған қаражат қайда жұмсалды? Бағдарлама жалғасын таба ма?

Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев BaigeNews.kz тілшісіне берген сұхбатында жауап берді.

Вице-министр ART Sport жобасындағы мән-жайды айтып берді. 
Оның айтуынша, көптеген ата-ананың үрейіне айналған бағдарлама жабылмайды. Ал artsport.edu.kz сайтындағы өтініштердің тоқтап қалу себебі техникалық ақауға байланысты істен шыққан.

Жүйе  былтырғы жылдың екінші жартысынан бастап жұмыс істей бастап іске қосылды.  Шын мәнінде жарты жылдан сәл астам уақыт жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда кейбір кемшіліктер мен қателер анықталып отыр. Бұны биыл  ата-аналар да айтып отыр. Жергілікті уәкілетті органдар (дене шынықтыру және спорт бөлімдері) жеткізушілерден де, балалардан да өтініш берушілер ағынына төтеп бере алмаған, - деді ол.

Яғни, биыл жан басына шаққандағы қаржыландыруға бюджеттен бөлінген қаржы барлығына бірдей жетпей қалған. Өййткені мұндай көп балалар тіркеледі деп болжамбаған. Былтырдан қарағанда биыл балалар саны екі есе өскен. Осылай елордадағы жағдайды қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлішер Аймұхамбетов түсіндірді.

Мұның себебі электронды платформа пысықталмауында. Ақша бітсе, ваучерлерді автоматты түрде тоқтату қызметі болған жоқ. Ол тек 2022 жылдың наурыз айында іске қосылды. Жүйе операторлар белгілеген бюджетті ғана қарайды. Яғни, оператор белгілі бір соманы енгізеді. Бұл платформаға, және жүйе жыл соңына дейін әрбір ваучердің құнын есептеу керек . Алайда наурызға дейін жүзеге асырылмады. Ал қазір әзірлеуші ​​функцияны енгізіліді, ал ваучерлер беру автоматты түрде тоқтатылды. Бағдарлама былтыр іске қосылғанда елордамыздан үш мың баланы қамту жоспарланған болатын. Бұған 400 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді.  Сол кезде бюджет нақтыланып, тағы 200 миллион берілді.  Жалпы, барлығы 602 миллион бөлінді. Ал биыл балалар өтініші екі есе көбейіп, жыл басынан бері 36 мың баладан өтініш түсіп отыр , - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы