«АрселорМиттал Теміртау». Министрлік апаттың алдын үшін не істейтінін айтты

27 Ақпан 2023, 15:37
913
Бөлісу:
«АрселорМиттал Теміртау». Министрлік апаттың алдын үшін не істейтінін айтты
Фото: ОКҚ

Бұл туралы Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажанов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Спикердің айтуыга, қазіргі таңжа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында 10 мыңға жуық өнеркәсіптік кәсіпорын қадағалануда, олардың құрамында 200 мыңнан астам қауіпті өндірістік объектілер бар.

Қауіпті өндірістік объектілерді пайдалану процесінде қолданылатын технологиялық жабдықтың жоғары моральдық және физикалық тозуына, оның уақтылы ауыстырылмауына, оның ішінде жаңғыртылмауына және жөнделмеуіне байланысты төтенше жағдайлардың туындау қаупі туындайды, - деді Мақажанов ОКҚ-да өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Спикердің атап өтуінше,2022 жылдың қорытындысы бойынша 28 авария тіркеліп (2021 жылы – 20 авария, өсім – 40 пайыз), салдарынан 32 адам зардап шекті (19, өсім – 68 пайыз), оның 15-і қайтыс болды (10, өсім – 50 пайыз).

Өздеріңіз білетіндей, осындай авариялардың бірі өткен жылдың қараша айында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Ленин атындағы шахтасында орын алып, салдарынан 9 адам зардап шегіп, оның 5-уі қайтыс болды. Осыған ұқсас авария 2021 жылғы қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Абай» шахтасында орын алып, мұнда 9 адам зардап шегіп, оның 6-уы қайтыс болды, - деді ол.

Нығмеджан Мақажанов мұндай авариялардың алдын алу мақсатында  өзара түсіністік туралы меморандум аясында бекітілген Жол картасын іске асыру жалғасып жатқанын айтты.

Бұл бірлескен күшпен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның өндірістік объектілеріндегі құқықтық тәртіпті нығайтуға және қауіпсіздік жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді, - деді Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы. 

Өзгелердің жаңалығы