«АрселорМиттал Теміртау» қызметкерлері жұмыс орнында вакцинацияланады

17 Сәуір 2021, 03:28
1478
Бөлісу:
«АрселорМиттал Теміртау» қызметкерлері жұмыс орнында вакцинацияланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртауда халықты жаппай вакцинациялау сәуір айында басталды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Кешегі күнге дейін оған емханалардағы тіркеу бөлімдері, сондай-ақ eGov порталы арқылы жазылуға болатын. 

COVID-19-ға қарсы вакцинациялау процесі одан да ыңғайлы болуы үшін «АрселорМиттал Теміртау» металлургия комбинатының қызметкерлері кәсіпорында екпе алады.

Ол үшін комбинаттың Денсаулық бекеттеріне №1 емханадан бригада келеді.

Кеше, 15 сәуірде автокөлік басқармасының денсаулық сақтау пунктінде комбинат қызметкерлеріне вакцинация жүргізілді. Вакцинаны алғашқылардың бірі болып «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының бас директоры Биджу Наир алды, сондай-ақ оның жұбайына екпе жасалды.

Қазір барлық адамдар коронавирустың таралуын бақылауда ұстауы үшін күш біріктірудің уақыты келді, ал вакцинация – бұл маңызды қадам. Мен әріптестеріммен бірге осы науқанға қосылдым, – деді Биджу Наир вакцинация процедурасынан кейін 


 

Өзгелердің жаңалығы