"АрселорМиттал Теміртау" басқа шетелдік инвесторға беріле ме

28 Қазан 2023, 12:28
675
Бөлісу:
"АрселорМиттал Теміртау" басқа шетелдік инвесторға беріле ме
Фото: Архив BAQ.KZ

Қазақстан үкіметі "АрселорМитал Теміртау" АҚ басқа шетелдік инвесторларға берілетіні жайындағы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл ақпарат жөніндегі түсініктеме ҚР Үкіметінің Telegram арнасында жарияланды.

Әлеуметтік желілерде "АрселорМиталл Теміртау" АҚ-ны басқа шетелдік инвесторларға беру туралы ақпарат таралып жатыр. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз, – делінген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Хабарламада қазіргі уақытта кәсіпорынды Қазақстан Республикасының пайдасына қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатқаны айтылған.

"Үкімет "АМТ" АҚ-ны әрі қарай басқа шетелдік инвесторларға беру мәселесін қарастырып жатқан жоқ".ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Қарағанды облысы аумағында орналасқан Костенко атындағы шахтадағы кезекті жарылыстан кейін "АрселорМиттал Теміртаудың" меншік құқығы Қазақстанға берілетін болды.

Үкіметтің баспасөз қызметі "АрселорМиттал Теміртау" АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілгенін және кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталып қалғанын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы