АрселорМиттал Теміртау. Әкім шахталарды жаңарту жұмыстары туралы айтты

24 Мамыр 2023, 13:31
798
Бөлісу:
АрселорМиттал Теміртау. Әкім шахталарды жаңарту жұмыстары туралы айтты
Фото: gov.kz

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеді , деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

1995-2022 жылдар аралығында «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының Қарағанды облысындағы шахталарында 103 шахтер қаза тапқан екен. Неге осы шахталардың иесі миллиардер Лакшми Миттал отыз жылда адам өлімін тоқтата алмады. Қазақстанның кен орындарын пайдаланатын компаниялар өз табыстарының белгілі бір мөлшерін өңірдің инфрақұрылымын дамытуға жұмсау керек. Осы тұрғыда «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы қанша әлеуметтік нысан салып берді?, - деп сұрады журналист.

Әкімнің айтуынша, шахталарда 4 ай бойы апаттық жағдайлар болмаған.

Менің жұмыс істеп жатқаныма 5 ай болды. Бұл мәселе бойынша қазіргі таңда 3 комиссия жұмыс істеп жатыр. Үкімет пен АМТ арасында меморандум бар, сол жерде компания нақты міндет алды. Ол жерде АМТ өңірдің шахталарында жаңарту жұмыстарын жүргізуі керек. Қазір біз бақылау жұмысын жүргізіп жатырмыз, - деп жауап берді спикер ОКҚ-да өтіп жатқан баспасөз мәслихатында. 

Өзгелердің жаңалығы