Арқалықта бір мезетте 1000 домбырашы қазақ күйлерін орындады (ВИДЕО)

Арқалықта бір мезетте 1000 домбырашы қазақ күйлерін орындады (ВИДЕО)
VIDEO
746

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында Ұлттық домбыра күні және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында бір мың домбырашы бір мезетте қазақтың танымал күйлерін орындап, өнер көрсетті.

Күй шерткендердің ең үлкені - 87 жастағы домбырашы болса, ең кішкентайы - 8 жастағы өнерпаз.

Ұлттық өнер дәріптелген шараға қалалық халық аспаптар оркестрі мен шаһар тұрғындары қатысты.

Оркестр «Тепеңкөк», «Салкүрең» сияқты халық күйлерін, Құрманғазының «Балбырауын», Нұрхан Ахметбековтың «Жеңіс», Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйлерін нақышына келтіре орындады. Осы шараға дайындық барысында 700 адам қолына алғаш рет домбыра ұстаған, - деді Қостанай облыстық Мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.

Күй шерткендердің ең үлкені - 87 жастағы домбырашы болса, ең кішкентайы - 8 жастағы өнерпаз.

Сондай-ақ, шара барысында бір әулеттің 22 мүшесі өнер көрсетті.


Фото: Егемен Қазақстан