Арнайы прокурорлар 76 күдіктіні тергеу изоляторынан босатты – Ожаров

7 Ақпан 2022, 18:41
1665
Бөлісу:
Арнайы прокурорлар 76 күдіктіні тергеу изоляторынан босатты – Ожаров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Жаппай тәртіпсіздіктер оқиғаларын тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Тергеулер 8 аймақта жүргізіліп жатыр. Осы өңірлерде адам өлімдері дерегі тіркелді. Мемлекеттік және жеке меншік ғимараттар қиратылып, өртенді. Бір айдың ішінде біз ауқымды тергеу  әрекеттерін жүргіздік. Сараптамалар тағайындалып, бейнероликтер қараулда, сәйкестендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біздің сайтта 1672 файл жүктелген. Олар «Қаңтар оқиғасы» бойынша видео және фотосуреттер. Көмекті бизнес өкілдері де көрсетіп жатыр, - деді Ожаров. 

Ол атағандай, жаппай тәртіпсіздіктер мен лаңкестік актісін ұйымдастыруға қатысқан 467 адам қамауға алынды. 

Біз олардың отбасылық жағдайын, денсаулығын, жасын, қатысу дәрежесін, өз істеріне деген көзқарасын сәйкестендіру бойынша деректер мұқият зерттейміз. Осы дерек ескеріле отырып, арнайы прокурорлар 76 күдікті тергеу изоляторынан босатылды. Олардың ішінде 2 әйел мен 9 кәмелетке толмаған жасөспірім болған. Тергеу изоляторында кездейсоқ қамалған адам жоқ, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы