Арнайы экономикалық аймақта кейбір тауарлардың болуына тыйым салынады

1 Маусым 2023, 15:05
674
Бөлісу:
Арнайы экономикалық аймақта кейбір тауарлардың болуына тыйым салынады
Фото: BAQ.KZ Архив

Арнайы экономикалық аймақ аумағында кейбір санаттағы тауарлардың болуына және пайдаланылуына тыйым салынады. Бүгін Сенат еркін экономикалық аймақтар туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенатта «2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағында еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң ұсынылды.

Заң жобасын Сенатор Әлібек Нәутиев таныстырды.

Келісімге өзгерістер енгізу 2018 жылы еркін кеден аймағының кедендік рәсімін қолдануды реттейтін Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа Кеден кодексінің қабылдануына байланысты.

Хаттамаға сәйкес Келісімнен кедендік құқықтық (рәсімдік, преференциялық) қатынастарды реттейтін және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде бекітілген нормалар алынып тасталады. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың және Одақтың Кеден кодексі нормаларына сәйкес терминологияны өзектендіру көзделеді.

Хаттамаға сәйкес еркін кеден аймағының кедендік рәсімі қолданылатын Арнайы экономикалық аймақ аумағы, осы Одаққа мүше мемлекеттің заңнамаларына сәйкес айқындалады. Еркін кеден аймағының, кедендік рәсімі қолданылатын Арнайы экономикалық аймақ аумағында, еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен енгізілген шетелдік және Одақтың тауарлары орналастырылуы мүмкін. Сонымен қатар, Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес, тыйым салынған тауарларды қоспағанда, шетелдік және Одақтың өзге де тауарлары болуы мүмкін, - деді сенатор.

Айтуынша, хаттамада Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес Арнайы экономикалық аймақ аумағында кейбір санаттағы тауарлардың болуына және пайдаланылуына тыйым салу мүмкіндігі көзделеді.

Хаттама талаптары бойынша Арнайы экономикалық аймаққа тіркелген резидент міндетті түрде Еуразиялық экономикалық одақтың сайтында кәсіпорын мәліметтерін жариялау қажеттігі және еркін кеден аймағының кедендік рәсімдері одақтың Кеден кодексіне сәйкес қолданылатындығы қарастырылған. Келісімді ратификациялау туралы заңның қабылдануы теріс құқықтық, әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқпайды, - деп түсіндірді сенатор Әлібек Нәутиев жалпы отырыста.

Өзгелердің жаңалығы