Қыстың ең қысқа күніне арналған ауа райы болжамы

22 Желтоқсан 2019, 08:59
2870
Бөлісу:
Қыстың ең қысқа күніне арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 22 желтоқсанда еліміздің барлық өңірінде ауа райы қолайсыз, жел күшейіп, қалың қар түсіп, солтүстікте боран соғады деп болжайды.

Атлант мұхитынан келген циклон республиканың көп бөлігінде өз ықпалын сақтап келеді. Осыған байланысты ауа-райы құбылмалы болады, қар жауады, кей жерлерде қалың қар түседі. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Бұрқасын соғып, жел күшейеді. Оңтүстік-шығыста қатты жел тұрып, екпіні 30 м/с жетеді, тіпті одан да асып кетуі ықтимал - делінген хабарламада. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын соғады. Желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыста 30 м/с және одан да күшейеді.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с жетеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, бұрқасын соғады. Желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с жетуі мүмкін. 

Павлодар, Қарағанды облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Қатты бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын соғады. Көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын соғады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі. Көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Желдің жылдамдығы 18 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде түнде жаяу бұрқасын соғады. Желдің жылдамдығы 17 м/с дейін күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. 

Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы