Армия спортшылары ел біріншілігінде 9 медаль олжалады

26 Қараша 2020, 14:38
1373
Бөлісу:
Армия спортшылары ел біріншілігінде 9 медаль олжалады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте оқ атудан Қазақстанның чемпионаты өтуде. Орталық спорт клубының қоржыны 2 алтын, 3 күміс пен 4 қола медальмен толықты.            

Армия спортшылары ел біріншілігінде 9 медаль олжалады

Турнирде кіл мықталардың қатарынан көріну үшін 100 қатысушы сайысқа түсті. Жарыстың бағдарламасына жеті жаттығу кірді. Спортшылар шағын калибрлі, пневматикалық мылтықтан, сондай-ақ пистолеттің әр түрінен жалғыз және жұптасып атудан жарысты.

Қазақстан Қарулы Күштерінің намысын мергендер Юрий Юрков, Елена Файнберг және Дарья Калинина қорғады.

Армия спортшылары ел біріншілігінде 9 медаль олжалады

Бұл жарыстар биылғы жылдың соңғы жарыстары. Чемпионат барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаға сәйкес өткізілді. Ал армия спортына келер болсақ, олар әрқашан өздері көрсетіп жүрген жоғары, шебер және кәсіби даярлық деңгейін көрсетті. Әскери қызметші Юрий Юрков – «Токио-2021» Олимпиада ойындарына жолдама алғанын айта кетейін, - деп жаңалығымен бөлісті аға жаттықтырушы, Орталық спорт клубының оқ және стенд атудан команда бастығы Ольга Важнина.


Өзгелердің жаңалығы