Арменияның Еуроодаққа қосылуы әзірге күн тәртібінде жоқ – Пашинян

Армения премьер-министрі елдің еуропалық бағытты қолдайтынын, алайда бұл жолда әлі дайындық қажет екенін айтты.

 Ақорда Бүгiн 2026, 19:17
Бүгiн 2026, 19:17
218
Фото: Ақорда

Армения премьер-министрі Никол Пашинян қазіргі уақытта елдің Еуропалық одаққа кандидат мәртебесін алуға дайын емес екенін мәлімдеді.

Report агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы үкімет басшысы жергілікті телеарналар тікелей эфирде көрсеткен брифинг барысында айтты.

Пашинянның сөзінше, Еуропалық одаққа кіру мәселесі бойынша референдум өткізу үшін нақты алғышарттар болуы керек. Атап айтқанда, Армения ЕО мүшелігіне ресми өтініш беруі немесе кандидат ел мәртебесін алуы қажет.

Армения кем дегенде Еуропалық одаққа мүшелік мәселесі бойынша ресми өтініш беруі немесе кандидат мәртебесіне ие болуы керек. Қазір мұның ешқайсысы жоқ, өйткені біз объективті түрде дайын емеспіз, – деді Пашинян.

Ол бұл бағытта ілгерілеу үшін елде бірқатар реформаны жүзеге асыру қажет екенін атап өтті. 

Сонымен қатар премьер-министр билік елді Еуроодақпен ықтимал терең интеграцияға дайындау үшін реформалар қарқынын күшейтуді жоспарлап отырғанын айтты.

Пашинян Арменияның Еуразиялық экономикалық одақ құрамындағы мүшелігіне де тоқталды. Оның айтуынша, елді бұл бірлестіктен шығару мүмкін емес, өйткені ЕАЭО-дағы шешімдер консенсус негізінде қабылданады және әрбір мүше мемлекет вето құқығына ие.

Осылайша, Еуропалық одақпен жақындасу бағытын ұстанғанына қарамастан, Армения әзірге ЕАЭО мүшесі болып қала береді және еуроинтеграцияның келесі кезеңіне көшуге дайын емес.

Наверх