Армениядан әкелінген 2 мыңнан астам автокөлік тіркеуге қойылды

16 Маусым 2020, 17:00
1404
Бөлісу:
Армениядан әкелінген 2 мыңнан астам автокөлік тіркеуге қойылды

Алматы, BAQ.KZ тілішісі.  Елімізде Армениядан әкелінген көлік құралыдарын тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Алғашқы екі аптада 2 мыңнан астам автокөлік тіркелді.

Бұл туралы ҚР ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, көліктердің басым көпшілігі елдің батыс өңірінде тіркеуге қойылған.

Республикадағы тіркелген көліктердің жартысына жуығы Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарының үлесінде. Тіркеу рәсімі өте қарапайым және азаматтардан көп уақытты қажет етпейді. Тіркеу шарттары мен көліктерге қойылатын талаптарға келер болсақ олар барынша оңайлатылған. Қаулы бойынша көліктерді тіркеуге 11 900 теңге төлеу керек болады. Рөлі оң жақта орналасқан көліктер, сондай-ақ 2020 жылғы 1 ақпаннан кейін әкелінген көліктер тіркелмейді, - дейді СерікТүсіпов.
ҚМ МКК Өндірістік емес төлемдер және арнайы салық режимдерін басқару департаменті директорының міндетін атқарушы Дәулет Жарылғасынов Қазақстан аумағында тіркелген көліктер салық төлеуге тиіс екенін айтты.
Еліміздің аумағына әкеліп, тіркеуге қойған көлік иелері салық төлеуге тиіс. Қазір Қазақстан Үкіметі  Армения премьер-министріне ҚР тіркелген көліктерге салық алмау жөнінде хат жолдады, - деді ол. 
Арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспектор Ақтоты Боранова Армениядан әкелінген көліктерді Қазақстан аумағында сатып алғандарға оны қалай тіркеуге болатынын түсіндірді.
Егер Арменияда тіркеуде тұрған автокөлікті Қазақстан аумағында сатып алған болсаңыз оның төлқұжаты мен техқұжатында да ҚР азаматының аты-жөні белгіленген. Егер көлігіңізді тіркеуге қойғыңыз келсе, автокөліктің құжатында жазылған көлік иесін тауып алып сонымен тіркейсіз. Ол адамды таба алмасаңыз ҚР Ішкі істер органдарына жүгіне аласыз. Мамандар техқұжатта көрсетілген адамның мәліметін тауып береді. Бір көлік екі елде, екі адамның атында тіркеуге қойылмайды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы