Армения премьер-министрлігіне үміткердің көлігіне оқ жаудырылды

20 Маусым 2021, 16:33
1413
Бөлісу:
Армения премьер-министрлігіне үміткердің көлігіне оқ жаудырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  «Альянс демократов Ширинян-Бабаджанян» блогінен премьерлікке үміткер Арман Бабаджанян полицияға көлігіне оқ жаудырылғаны туралы хабарлады, деп жазды armeniasputnik.am.

Жергілікті полицияның мәліметіне сәйкес, үміткер сол уақытта көліктің ішінде болмаған. Саясаткер оқиғаның мән жайын кейін анығырақ жариялайтыны туралы айтты.

Полция қызметкерлері атыс таңғы сағат 09:30 уақытында болғанын, оқ көліктің алдыңғы шынысына жаудырылғанын хабарлады. Оқиға  Норк-Мараш жанында орын алған. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Арманияда кезектен тыс Парламент сайлауы өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы