Арменияда парламенттік сайлау өтіп жатыр

20 Маусым 2021, 11:45
1674
Бөлісу:
Арменияда парламенттік сайлау өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлауда 2 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылды. 

Дауыс беру 08:00-де басталып, 22:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлады ТАСС.

Сайлаушылар 25 саяси партия мен блокқа дауыс бере алады. 

Соңғы сауалнамаларға сәйкес, халықтың фавориттері - Азаматтық келісім партиясы, оның жетекшісі Министрлер кабинетінің қазіргі басшысы Никол Пашинян және Арменияның екінші президенті Роберт Кочарян басқаратын Армения блогы болып отыр.

Парламентке өту үшін партия кемінде 5%, блоктар – 7% дауыс жинауы қажет.

Сайлауда 2,5 миллионнан астам адам дауыс бере алады.

Өзгелердің жаңалығы