Әркім өз таңдауын жасауы керек - Мұқасан Шахзадаев

5 Маусым 2022, 13:16
1859
Бөлісу:
Әркім өз таңдауын жасауы керек - Мұқасан Шахзадаев

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Әнші Мұқасан Шахзадаев республикалық референдумда дауыс берді.

Әнші Жаңа Қазақстанды құру үшін әркім өз таңдауын жасауы керек деген ойын айтты.

Бүгін референдумға өз дауысымды беруге келіп отырмын. Референдумды қуана қолдаймын. Жаңа Қазақстан бәріміз үшін жаңарып жатса, жақсы күнге әкеп жатса деген оймен келіп отырмын. Қазақ елі мәңгі жасай берсін,-деді ол.

Сонымен қатар шахматшы Жансая Әбдімәлік те референдумда дауыс берді.

Бүгін бүкіл Қазақстан үшін тарихи оқиға өтіп жатыр. Мен үшін референдумға қатысу - азаматтық ұстанымымды білдіру мүмкіндігі. Мен келіп дауыс бердім және өз таңдауымды жасадым, - деді Ж.Әбдімәлік.

Референдумға шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысуда. №125 сайлау учаскесінде дауыс берген қоғам қайраткерлері референдумға қатысу әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы деп санайды.

Біз өзгерістерге және әділетті Қазақстанға дауыс береміз,-дейді жазушы Смағұл Елубай.

Сондай-ақ, қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин референдум «халық пен елдің болашағын шешеді» деп атап өтті. 

Өзгелердің жаңалығы