Архангельск облысындағы әскери бөлімде жарылыс болды

8 Тамыз 2019, 17:05
1793
Бөлісу:
Архангельск облысындағы әскери бөлімде жарылыс болды

Алматы, BAQ.KZ. РФ Архангельск облысында әскери бөлімшеде жарылыс болып екі адам қаза тапты, тағы 15-сі жараланды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Жергілікті күштік құрылымның өкілі берген мәлімет бойынша жарылыс Северодвинск қаласынан 30 шақырым жерде болған.

«Архангельск облысында әскери бөлімшеде жарылыс болып, екі адам қаза тапты, тағы 15-сі жараланды», - дейді ол.

Осы өңірдің губернаторы Игорь Орлов әуе жедел жәрдемін әзірлеуге бұйрық берген. 

«Архангельск облысының ауруханасы жарылыстан зардап шеккендерді қабылдауға әзір», - дейді күштік құрылым өкілі.

Mash Telegram-арнасы жарылыстың Нёнокса елді мекенінде болғанын жазды. Осы маңайда ракеталық полигон орналасқан, онда ядролық сүңгүір қайықтар үшін баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізетін көрінеді.

Айта кетейік, 5 тамыз күні Ресейдің Ачинск қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан әскери бөлімнің қару-жарақ қоймасынан өрт шығып, салдарынан жарылыс болды. Көп ұзамай Ачинск ауданында төтенше жағдай енгізілді. РФ Қорғаныс министрлігі қазіргі уақытта өрт толықтай өшірілгенін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы