Архимед Мухамбетов өрттен 4 баланы аман алып қалған 5-сынып оқушысын марапаттайды

26 Желтоқсан 2021, 15:20
1477
Бөлісу:
Архимед Мухамбетов өрттен 4 баланы аман алып қалған 5-сынып оқушысын марапаттайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының әкімі Архимед Мухамбетов өрттен 4 баланы аман алып қалған 5-сынып оқушысын марапаттайды. 

Қымбатты достар! Қостанай қаласындағы "Садовод" саяжай қоғамының аумағында 25 желтоқсанда болған жазатайым оқиға туралы барлығы оқыған болар. Бесінші сынып оқушысы Олег Пирог өртеніп жатқан үйден төрт баланы құтқарды. Ертең Олегті осы ерлігі үшін жеке алғыс айтуға, грамота мен бағалы сыйлықтар беруге шақырдым. Сондай-ақ, осындай батыл және нағыз адал азаматты тәрбиелеген ата-анасына ризашылығымды білдіремін. Жарайсың, Олег, - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, үй өртенген кезде  Олег Пирог терезеден үйге кіріп, төрт баланы бірінен соң бірін алып шыққан.

Өзгелердің жаңалығы