Аргентина бапкері Хорватияға қарсы ойын туралы пікірін айтты

13 Желтоқсан 2022, 14:41
1045
Бөлісу:
Аргентина бапкері Хорватияға қарсы ойын туралы пікірін айтты

Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони Хорватияға қарсы ойынға  қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ tycsports.com басылымына сілтеме жасап. 

Жақсы құрамаға қарсы ойнаймыз әрі бұл күрделі матч болмақ. Хорватия - жақсы командалық ойын көрсететін құрамалардың бірі, сондықтан оларға қарсы ойнау әрдайым қиын. Биыл өтіп жатқан чемпионатты Мундиальмен салыстырудың мәні жоқ деп ойлаймын. Бірақ, Хорватияның жақсы құрама команда екеніне сенімдімін және оларға қарсы ойнау бізге де қиын болады, - деді Лионель Скалони. 

Еске сала кетейік, Аргентина мен Хорватия құрамаларының арасындағы матч бүгін Астана уақытымен 01:00-де өтеді. 

Өзгелердің жаңалығы