Әрбір азамат қандай өзгеріс үшін дауыс беретінін білуі керек – Ләззәт Сүлеймен

5 Мамыр 2022, 10:43
1740
Бөлісу:
Әрбір азамат қандай өзгеріс үшін дауыс беретінін білуі керек – Ләззәт Сүлеймен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатта өткен брифингте депутат Ләззәт Сүлеймен «Республикалық референдум туралы» заңға енгізілетін түзетулерді түсіндіріп берді.

Конституцияның 33 бабына өзгеріс енгізіледі. Ол референдумның алдында халықтың талқысына салынады. Әр азамат қандай өзгеріске дауыс беретіні туралы білуі керек. Конституциялық кеңеске берілген құжатты БАҚ-тан көруге болады, - деп айтты сенатор.

Сүлеймен енгізілетін өзгерістердің негізгілеріне тоқталып өтті.

Біріншіден, суперпрезиденттік жүйден бас тарту. Екіншіден, Парламенттің рөлін, оның ішінде Мәжілістің рөлін күшейту. Үшіншіден, адам құқықтары жөніндегі Конституциялық сотты құру. Төртіншіден, жергілікті мәслихаттарды күшейту. Яғни мемлекеттің саяси жүйесінің моделін өзгертуге, халық билігін қалыптастыруға бағытталған концептуалды өзгерістер енгізіліп отыр, - деді депутат журналистерге берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық жасап отырған республикалық референдумды өткізу кезінде пайдаланылатын бюллетень нысандарын сайлауда қолданылатын сайлау бюллетеньдерімен біріздендіру мақсатында әзірленді.

Сенат «Республикалық референдум туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Конституциялық заңның жобасына Мәжіліс енгізген өзгерістерді қабылдады. Сондай-ақ Сенат заңға түзетулер енгізіп, құжатты Мәжіліске қайтарды.

Өзгелердің жаңалығы