Қарағанды облысында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша спорт алаңы салынды

1 Тамыз 2019, 05:36
2161
Бөлісу:
Қарағанды облысында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша спорт алаңы салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданы Қаражар ауылының жас футболшылары үшін  футбол корты бар жаңа спорт алаңы ашылды. Әлеуметтік нысан «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынды. Бұл туралы жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады. 

Спорт алаңын салу үшін мектеп жанынан орын таңдалды. Ауылдық балалар бұл сыйлыққа қатты қуанғандарын айтады. Бұрын балалар шаңды алаңда футбол ойнатын. Доп ойын аумағынан тыс ұшып кеткен кезде жүгіруге тура келетін. Жаңадан салынған корттың жұмсақ жабыны және жоғары қоршауы бар. 

Ашылу салтанатында жас футболшыларға доп пен спорттық киімдер сыйға тартылды. Қаражарлықтар командасы үшін жаттығуға барлық жағдай жасалған және де енді олар аудандық және облыстық жарыстарға қатыса алады.

Сонымен қатар Қаражарда жергілікті саябақ абаттандырылды. Оған «Рухани жанғыру» бағдарламасы бойынша округ бюджетінен қаржы бөлінді. Жастар күніне орай ауыл тұрғындары саябаққа «Жастар саябағы» деген атау берді. Жаңартылған демалыс орны «Көркейе бер, туған жер» акциясы аясында ашылды. 

Жергілікті қауымдастық мүшелері саябақты көгалдандыруға қатысуға уәде берді. Ал ауыл зейнеткерлері мұнда гүлзарлар орнатып, Түлектер аллеясын салуды ұсынды. Бюджет есебінен абаттандыру әлі де жалғастырылатын болады – кеспе тас төсеуіштер салу және орындықтар орнату жоспарлануда.


Өзгелердің жаңалығы