Арабтар елімізде ұсақ мал өсіруге 50 млн доллар инвестиция құйған

23 Желтоқсан 2021, 16:45
1323
Бөлісу:
Арабтар елімізде ұсақ мал өсіруге 50 млн доллар инвестиция құйған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізден жылына 8 мың тонна қой Біріккен Араб Әмірліктеріне экспортталады. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров Мәжілістегі талқылауда айтты.

Бүгін Мәжілісте депутаттар мен мемлекеттік органдар өкілдері «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері Үкіметінің басым салалардағы жобаларды дамытуға арналған ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік құру туралы бірлескен декларациясын ратификациялау туралы» Заң жобасын талқылады.

Талқылау барысында министрдің орынбасары Қарағанды облысындағы шаруа қожалығы Біріккен Араб әмірліктеріне экспортталатын ұсақ малды өсірумен айналысып жатқанын айтты.

Ұсақ мал басын көбейтуге 50 млн доллар инвестиция құйылды. Жылына 8 мың тонна қой жіберіледі. Жобаның жұмысы басталып кетті. Келісім бойынша қазақстандық инвесторлар да қаржы құйып отыр. Сондықтан Қарағанды облысындағы шаруашылық шетелдік компания болып есептелмейді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы