Қарағандылықтар пойыз билеттерін 55%-ға дейін жеңілдікпен сатып ала алады

8 Қаңтар 2019, 14:37
1527
Бөлісу:
Қарағандылықтар пойыз билеттерін 55%-ға дейін жеңілдікпен сатып ала алады
Астана, baq.kz. Жолаушылар «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызына билеттерді 55%-ға дейін жеңілдікпен сатып ала алады. Ол жайлы «Қазақстан Темір Жолы» АҚ ұлттық тасымалдаушысының өкілдері мәлімдеді. 
Акция 11-ші қаңтардан 28-ші ақпанға дейінгі аралықта жүретін пойыздарға қатысты болады. Жеңілдіктер мөлшері билет пойыздың жолға шығуына дейін қанша тәулік бұрын сатып алынатынына байланысты болады. 
Қарағандыдан «Тұлпар-Тальго» пойызымен Астана, Алматы, Шымкент, Петропавл, Көкшетау және Қызылордаға аттануға болады. Мысалы, тоғызыншы қаңтарға Алматыға дейін купе билеті аттанар алдында бір тәулік бұрын сатып алынса 13 031 теңге болса, дәл осы билет аттанар алдында 45 тәулік бұрын алынса 6 284 теңгені құрайтын болады. 
Жеңілдетілген билеттерді теміржол кассаларынан, сондай-ақ www.epay.railways.kz сайтынан сатып алуға болады. Онлайн-нұсқада билеттер пойыздың аттануынан 45 тәулік бұрын қолжетімді болады. Онда бағалар жеңілдіктерді ескере келе көрсетіледі. 
Өзгелердің жаңалығы