Қарағандылықтар электрондық мемлекеттік қызметті жиі пайдалана бастады

17 Қазан 2019, 19:45
2376
Бөлісу:
Қарағандылықтар электрондық мемлекеттік қызметті жиі пайдалана бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуға арналған сервистер белсендірек пайдаланыла бастады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде "ХҚКО" департаментінің Мемлекеттік қызметтер сапасын бақылау бөлімінің басшысы Павел Ортнер мәлімдеді, деп хабарлады karaganda-region.gov.kz.

Осы жылдың тоғыз айында Қарағанды облысының тұрғындарына онлайн режимінде 1.7 млн астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 800 мыңы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының фронт-кеңселерінің өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында жүзеге асырылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13.2%-ға артық.

Осы уақыт ішінде ХҚКО қызметкерлері 1248 рет мүмкіндігі шектеулі адамдардың үйлеріне барды. Оларға үйден 1463 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Шалғайдағы ауылдарға "Азаматтарға арналған үкімет" ұйымының өкілдері 520 рет барды. Онда мамандар 12 455 қызмет көрсетті.

"Азаматтардың ыңғайлылығы мен уақытын үнемдеу үшін біз әлеуметтік желілерде және мемлекеттік қызметтерді алуға көмектесетін Telegram мессенджерінде боттарды іске қостық. Telegram-нан анықтамалар мен құжаттардың 20 түрін, Facebook-тен-15, ВКонтакте-ден 19 түрін алуға болады. Азаматтарды сұрайтын ең танымал қызмет түрлеріне мекенжай анықтамасы, соттылығы бар немесе жоқтығы туралы, мүлікке иелік ету туралы, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы анықтама", - деді Павел Ортнер.

Электрондық үкімет порталын пайдалану және әлеуметтік желілерде қажетті қызметті алу үшін барлық ниет білдірушілерді тегін оқыту қарастырылған. Электрондық жүйенің егжей-тегжейін түсінуге ХҚКО-да өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында көмектеседі, жоғары сынып оқушылары үшін "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының фронт-кеңселерінде арнайы шеберлік сабақтары өтеді.

Электрондық үкімет жүйесі арқылы мемлекеттік қызметтің 50 түрін алуға болады. Ол үшін ұялы телефон нөмірін жүйеге енгізу жеткілікті. 


Өзгелердің жаңалығы