Қарағандылық каратэшілер Мәскеуде өткен турнирде төрт медаль жеңіп алды

9 Қазан 2019, 02:14
1601
Бөлісу:
Қарағандылық каратэшілер Мәскеуде өткен турнирде төрт медаль жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандылық спортшылар Мәскеуде өткен International Karate Organization Kyokushinkaikan Union киокушинкай каратэ бойынша әлем кубогында төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жарысқа Қарағанды облысынан «Киокушинкай каратэ бүкіл Қазақстандық ұйымы» РҚБ филиалының тәрбиеленушілері қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Думан Балтабай алтын медальді жеңіп алды, Регина Мешковаға «күміс» бұйырды, Алекандр Трошкин мен Карина Сұлтановаға қола медальдар табыс етілді.

Турнирге әлемнің 44 елінен келген мықты балуандар қатысты.Трибунадағы жекпе-жектерді бес мыңға жуық көрермен тамашалады. Жарыс онлайн режимінде көрсетілді.

Салтанатты ашылу рәсіміне Жапонияның атақты каратэ шеберлері халықаралық ұйымның бас директоры Шихан Ясухиро Сичинохе, Учи - Деси Сосая Масутацу Ояма - Шихан Сигера Табата және ұйымның директоры Йошиказу Кои қатысты.

International Karate Organization «Kyokushin kaikan Union» әлем кубогы қатарынан алтыншы рет өтіп жатыр. 2011 жылы бұл турнир Қазақстанда өтті.

Өзгелердің жаңалығы