Қарағандыда жаңа спорттық, ойын-сауық саябағы пайда болды

8 Қыркүйек 2020, 01:39
1410
Бөлісу:
Қарағандыда жаңа спорттық, ойын-сауық саябағы пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандының Оңтүстік-шығысында жаңа спорттық, ойын-сауық саябағы пайда болды. «Индустральная Караганда» облыстық газетінің хабарлауынша, Athletics спорт саябағы қыркүйек айының ортасында ашылады.

Қазіргі таңда субұрқаққа жабдық орнату, аумақты абаттандыру және көгалдандыру, қоршау орнату жұмыстары қалды.

Мұнда 3,5 гектар жерге турниктер мен тренажерлардың тұтас кешені орнатылды, үлкен скейтодром, ойын алаңдары, футбол алаңы салынды. Әртүрлі жастағы адамдар салауатты өмір салтын ұстануы үшін барлық жағдай жасалған.

Бұл жобаны іске асыру өткен жылы басталған.

«Темір-Арқа» ЖШС бас директоры Марат Әбілқайыровтың айтуынша, негізгі жұмыстар аяқталды. Жобалаушылармен қарастырылған барлық спорт ғимараты бар. Жарықтандыру тіректері, бейнекамералар, орындықтар мен урналар орнатылды. Аллеялар салынды, серуендеу алаңдарына қырлы тастар төселген, веложолдар, кіреберіс жолдар, тұрақтар абаттандырылған.

Бұл саябақта қазірдің өзінде спорт сүйер қауым белсенді жаттығып жатыр. Жаңа скейтодромды қуана игеріп жатыр. Сонымен бірге Athletics-те жұмыс жалғасуда. Қазір біз аумақты көгалдандырудамыз. Жоба бойынша мыңнан астам бұталар мен 180 түрлі ағаштар отырғызу қарастырылған. Сондай-ақ, жақында Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы маман келіп, құрғақ субұрқақтың бөлшектерін монтаждауға кіріседі. Оның шашырауы аллеяда жүрген жолаушыларды сергітетін болады, - дейді Марат Әбілқайыров.
Марат Әбілқайыровтың айтуынша, коронавирустық пандемияға байланысты Қытай мен Ресейден жеткізілетін жабдықтың өзін ұзақ күтуге тура келді. Сондай-ақ, жасыл көгалдардың өскенін күту керек. Ол жерсінуі үшін оны бірнеше рет кесу керек.

Сонымен қатар, үнемделген қаражат есебінен мердігер тұрғын үй кешенінің құрылысы жағынан қоршау қояды. Бұл балалардың қауіпсіздігі үшін қажет. Стационарлық дәретхана да қарастырылған. Көп ұзамай спорт паркі салауатты өмір салтын сүйетіндердің көптеп жиналатын алаңына айналады деп күтілуде. Мұндай қоғамдық орындар барлық жағынан, халықтың барлық санаты үшін, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін де қолайлы болуы тиіс.

Құрылыс компаниясының бас директоры атап өткендей, жаңа жобаның басты ерекшелігі – атақты боксшы Геннадий Головкиннің бейнесін құратын шағын сәулет нысандары болды. Жақын жерде GGG атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады деп болжануда.

Өзгелердің жаңалығы