Қарағандыда жаңа Оқушылар сарайы салынуда

12 Қыркүйек 2019, 23:39
3674
Бөлісу:
Қарағандыда жаңа Оқушылар сарайы салынуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда 2020 жылы жаңа Оқушылар сарайы ашылады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

Жас қарағандылықтар үшін үлкен және қазіргі заманғы сарай салуды Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті өңірге жұмыс сапары кезінде тапсырған болатын.

"Қазіргі балалар мен жасөспірімдер сарайы 80 жыл бұрын ашылған. Бүгінде ол заманауи талаптарға сай келмейді және тар", - делінген хабарламада.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов құрылыс барысымен танысты. Мердігерлер іргетасын қалап, қабырғаларды тұрғыза бастағанын жеткізді. Облыс әкімі сарай үшін сапалы және заманауи жабдықтарды ізде, сатып алуды тапсырды.

"Жоғарғы бөлігінде обсерватория болады. Қазір барлық үйірмелерді жабдықтау мәселесін шешу қажет. Барлығы соңғы буынғы техникамен қамтамасыз етілуі керек. Әлемдік жетекші өндірушілердің нұсқаларын қараңыздар", - деді Ерлан Қошанов.

Сарайдың ғимараты үш қабатты болады, оның аумағы – шамамен он мың шаршы метр. Ғимараттың сырты энергия үнемдейтін материалдармен қапталады. Дәрістер жүргізетін бөлмелерден басқа мұнда 380 орындық көрермен залы орналасады.

Оқушылар сарайында барлық сабақтар тегін өткізіледі. Оларға 4000-нан астам бала бара алады деп күтілуде. Техникалық бағыттағы 50-ге жуық үйірмені, оның ішінде робототехника, авиамоделдеу, бағдарламалау бойынша дәсіртер ұйымдастыру жоспарлануда. Жас биологтар үшін аэропоника және гидропоника сабақтары ұйымдастырылады. Гуманитарлық және шығармашылық бағытты қалайтындар үшін түрлі үйірмелер, шеберханалар мен коворкингтер жұмыс істейтін болады. 

Өзгелердің жаңалығы