Қарағандыдағы вирус анықталған адам – Теміртау тұрғыны

24 Сәуір 2020, 02:01
1438
Бөлісу:
Қарағандыдағы вирус анықталған адам – Теміртау тұрғыны

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 сәуірде Қарағанды облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың бір жаңа жағдайы тіркелген.

Науқас 1987 жылы туған адам. Теміртау тұрғыны. Бұрын да карантиндік госпитальға жатқызылған.

Бүгінгі күні облыста COVID-19 103 жағдайы расталды, оның ішінде бір адам қайтыс болды және 19 пациент сауығып кетті.

Тәулік бойғы бақылауда 766 адам бар – бұл 1А және 1Б (Италия, Франция, Испания, Иран, Германия, Үндістан, Таиланд, Малайзия, БАӘ, Шри-Ланка, Египет) санатындағы елдерден оралған немесе шартты түрде жұқтырғандармен байланыста болған адамдар. Провизорлық стационарларда – 207, карантиндік госпитальдарда – 476. Үй карантинінде 2 504 адам бар, үй карантинінен 404 адам шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы