Қарағандыда вирус жұқтырған 5 адам тіркелді

24 Сәуір 2020, 09:49
1292
Бөлісу:
Қарағандыда вирус жұқтырған 5 адам тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам тіркелді, деп хабарлайды Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.


Олар: 1994 жылғы әйел адам. Қарағанды қаласының тұрғыны. Осыған дейін карантиндік госпитальге жатқызылған. 

1997 жылғы ер адам. Теміртау қаласының тұрғыны. Осыған дейін үй карантинінде болған. 

1988 жылғы әйел адам. Теміртау қаласының тұрғыны. Осыған дейін карантиндік госпитальге жатқызылған.

1999 жылғы әйел адам. Қарағанды қаласының тұрғыны. Осыған дейін карантиндік госпитальге жатқызылған.

1989 жылғы ер адам. Теміртау қаласының тұрғыны. Осыған дейін карантиндік госпитальге жатқызылған.

Бүгінгі таңда облыста инфекцияның 108 жағдайы тіркелді, оның біреуі қайтыс болды, 30 науқас жазылып шықты.

Қарағанды қаласында – 49 жағдай
Теміртау қаласында – 38 жағдай
Шахтинск қаласында - 7 жағдай
Саран қаласында - 1 жағдай
Бұқаржырау ауданында - 1 жағдай
Шет ауданында - 1 жағдай
Басқа облыстан - 11 жағдай

Науқастардың жас құрамына талдау жасағанда:
18 - 29 жас аралығында - 23 жағдай
14 жасқа дейінгі балаларда – 18 жағдай
30-39 жас аралығында - 17 жағдай
60 жастан асқан адамдар - 15 жағдай
40-49 жас аралығында - 20 жағдай
50-59 жас аралығында - 11 жағдай
жасөспірімдер арасында – 4 жағдай.


Өзгелердің жаңалығы