Қарағандыда диктантты үздік жазғандар марапатталды

3 Қазан 2019, 04:25
3223
Бөлісу:
Қарағандыда диктантты үздік жазғандар марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда жалпы облыстық диктанттың қорытындысы жасалды. Арнайы комиссия үздік жұмыстарды анықтап, қатысушыларды марапаттады, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Диктант «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен аудару аясында ұйымдастырылды.

Биыл жалпы облыстық диктантқа өңірдің 119 мың 293 тұрғыны қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік қызметтерді ұсынатын ұйымдардың қызметкерлері, студенттер, оқушылар және басқалар бар.

Жұмысты тексеріп, комиссия 23848 «өте жақсы», 59637 – «жақсы» және 35808 – «қанағаттанарлық» деген баға қойды. Үздіктердің басым көпшілігі студенттер (41,4%) және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардың қызметкерлері (33,3%).

Ұлытау және Қарқаралы аудандарының басшылары, сондай-ақ Шахтинск қаласының әкімі жалпы облыстық диктантта жоғары нәтиже көрсетті.

Биылғы жылы акцияға «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Фитохимия»»ҒӨХ" АҚ, KEGOC АҚ, «Қарағанды Су» ЖШС, «Қарағанды Жылу Сбыт» ЖШС, «Қазпошта»АҚ қызметкерлері қосылды.

Жұмыстың жалпы санынан 200 үздік жұмыс таңдалды. 26 қыркүйекте өткен диктанттың қорытынды кезеңінде комиссия жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.

Олардың арасында Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының бас маманы Ұлан Омаров, Қарағанды облысы полиция департаментінің Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің жетекші маманы Индира Искакова, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ маманы Ақерке Кәрімова бар.

Екінші орынды Айым Егешова, Дарина Сарсенбаева, Ақбота Есенгелді, Айару Бекзат, Гүлнұр Қалибекова иеленді.

Үшінші орын - Әйгерім Нұрмағанбетова, Толғанай Бейсенбаева, Гүлстан Оспаналина, Меруерт Ақкисева, Құлпнай Жасарал, Фатима Бергенова, Аружан Алинова, Әйгерім Ажмағамбет, Бексұлтан Игілік, Мөлдір Төкен, Әйгерім Оқасова, Гүлнұр Нұрғалиева, Дарина Темірханова, Сабина Мұздыбаева, Сымбат Салғамбетова, Алима Серікпай, Данагүл Қожанова, Мейіргүл Жұмабаева, Анастасия Рогожина, Бекзат Киікбайға берілді.

Барлық жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен марапатталды - 1 орын үшін 30 мың теңге, 2 орын үшін 20 мың теңге, 3 орын үшін 10 мың теңге. Диктанттың ақтық кезеңіне қатысқан барлық 200 адам алғыс хаттармен марапатталды.

Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлнарайым Қаңтарбекова диктантты ұйымдастырушыларға, Қарағандының тіл мамандарына ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолы қойылған алғыс хат тапсырды.

Сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сүйіндік Жанысбай, өлкетанушы, журналист Аман Жанғожин, "Видергебурт" неміс мәдени орталығының төрағасы, II дәрежелі "Достық" орденінің иегері Виктор Кист, "Қазақстан кәрістер ассоциациясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды филиалының жетекшісі Дилия Ким, А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мархаба Тұрсынова алғыс хаттармен марапатталды

Өзгелердің жаңалығы