Қарағандыда оқушыларға қашықтан оқу үшін компьютерлер беріле бастады

18 Тамыз 2020, 09:01
1533
Бөлісу:
Қарағандыда оқушыларға қашықтан оқу үшін компьютерлер беріле бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының мектеп оқушыларына компьютерлер беріле бастады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұл қашықтықтан оқыту аз қамтылған отбасылардың балаларын қоса алғанда, барлығы үшін қолжетімді болу үшін қажет. Жаңа оқу жылына дайындықтың қалай жүріп жатқаны туралы білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова облыс әкімшілігінің аппарат отырысында баяндады. 

Осы оқу жылының басында өңір мектептері үшін 34 мыңнан астам компьютер сатып алынады. Техника жеке ДК жоқ педагогтарға және оқушыларға таратылатын болады. 

Біз мұғалімдерді даярлау бойынша белсенді науқан жүргізудеміз. 248 педогог бүгінде оқыту әдістемесі бойынша арнайы курстардан өтті, 18 мыңнан астамы заманауи білім платформаларында жұмыс істеуге үйретілді, - деді білім басқармасының басшысы. 
Мектептерге оқулықтар жеткізу жалғасуда. Жалпы қажеттіліктен 61% кітап өңірге түсті. Алдында мәлімдегендей, осы жылы мектеп оқушылары облыстық бюджет есебінен оқу құралдарымен толығымен қамтамасыз етіледі.


Өзгелердің жаңалығы