Қарағандыда мал ұрлығы көбейген

4 Қараша 2019, 18:31
1427
Бөлісу:
Қарағандыда мал ұрлығы көбейген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің мемлекеттік органдардың 2018 жылы және 2019 жылдың өткен кезеңінде қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстарының мәселелері бойынша отырысы өтті.

Шараға құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың, облыстың басқа да мүдделі органдарының басшылары қатысты.

Қарағанды облысының прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше ағымдағы жылы тіркелген қылмыстардың саны азайған – төмендеуі 23%.

Денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілері 14%-ға оның ішінде өлімге соқтырғандары 14%-ға, алаяқтық 7%-ға және кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған жыныстық қылмыстар 25%-ға өскен. Қайта жасалған қылмыстардың саны екі еседен астам көбейген (630-дан 1359-ға дейін), оның ішінде рецидивистер жасаған қылмыстардың саны 47%-ға артқан. Мал ұрлығының алдын алуға кешенді тәсілдің болмауы нәтижесінде олардың 27%-ға өсуіне жол берілген, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, заңмен тыйым салынған уақытта спирттік ішімдіктерді бақылаусыз өткізу фактілеріне назар аударылды, өйткені әрбір адам өлтіру қылмысы мас күйде жасалған.

Отырыс қорытындысы бойынша прокуратура, ұлттық қауіпсіздік және полиция органдары облыс әкімдігі алдында бейнебақылау камераларын жаңартуға, орнатуға және ұстауға ақшалай қаражат бөлу туралы мәселені көтеретін болды. Денсаулық сақтау басқармасына Жезқазған қаласында қосымша Мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекеме ашу туралы мәселені пысықтау ұсынылды. Білім басқармасына қолайсыз отбасыларды анықтау бойынша ведомствоаралық ақпараттық жүйені әзірлеу және енгізу, сондай-ақ жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған кәмелетке толмағандарды оңалту орталығын құру бойынша шаралар қабылдау нұсқалды, - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Қылмыстық-атқару жүйесі органдарына сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек кешенін қоса көрсететін, "жалғыз терезе" қағидаты бойынша оңалту орталығын құру туралы мәселені қарау ұсынылды.


Өзгелердің жаңалығы