Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында "Ұлытау – Алтын Орданың бесігі" атты ғылыми-танымдық экспедицияның қорытындысы туралы айтылды, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Ол 23-29 қыркүйек аралығында өтті. Экспедиция қатысушылары Орталық Қазақстандағы Алтын Орда дәуірінің ескерткіштерін зерттеді.
Қарағанды облысында ғылыми-танымдық экспедиция Алтын Орданың 750 жылдығын атап өтті. Жиналған материалдардың арқасында "Ұлытау – Алтын Орданың бесігі" атты ғылыми-танымдық фильм түсіріліп, фотоальбом шығарылды. Сондай-ақ, тарихи-этнографиялық туризмді дамытуға ықпал ететін Алтын Орда ескерткіштеріне туристік бағыт дайындалды, - деді Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Ағымбаев.
Ернар Танабаев пен Вероника Боярованың "Ұлытау – Алтын Орданың бесігі" фильмінде тарихи ескерткіштер туралы айтылады. Олардың қатарында Хан ордасы, Жошы ордасы, Жошы хан, Алаша хан, Аяққамыр, Болған Ана, Белен Ана, Құлан Ана, Келінтам кесенелері бар.
Әзірленген туристік маршрутқа жол белгілері, Алтын Орда дәуіріндегі киелі нысандар туралы карталар мен буклеттер кіреді.
Экспедицияның қалай өткені туралы арнайы дайындалған көрмені көріп болады. Онда мұражай экспонаттары, сондай-ақ қатысушылардың бірі Мәдихан Қалмахановтың жасаған фотосуреттері мен картиналары қойылған.
Мұнда оның бес суреті мен этюдтері қойылған. Өткен жылы Болған Ана кесенесінен тапқан алтын тостағанды да көруге болады. Жақында ғалымдар оны біздің мұражайға тапсырды, - дейді тарихи-өлкетану мұражайының директоры Ержан Нұрмағанбетов.
"Ұлытау – Алтын Орданың бесігі" ғылыми-танымдық экспедициясы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, жастар жылына орайластырылған. Ұйымдастырушылар Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы және облыстық тарихи-өлкетану мұражайы.
Экспедицияға қатысушылар қатарында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының, Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының, Жезді кентінің тау-кен және балқыту ісі мұражайының, Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайының, С.Торайғыров атындағы Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғалым-тарихшылары, ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі Қарағанды облыстық орталығының қызметкерлері, студенттер, өлкетанушылар, тілші-блогерлер, суретшілер, географтар, түсіру тобы бар. Барлығы экспедицияда 30 адам болып қайтты.