Қарағандыда "Интеграция" көрме жобасы ашылды

2 Қараша 2019, 06:28
2000
Бөлісу:
Қарағандыда "Интеграция" көрме жобасы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында халықаралық зағиптар күніне арналған көрме ашылды. Шараны зағип және нашар көретіндер мәдениет үйі ұйымдастырды, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

"Интеграция. Ашық өнер әлемі" деп аталатын жоба биыл екінші жыл жүзеге асырылуда. Ол көзі көрмейтін мүгедектердің музыкалық, көркем, актерлік таланттарын дамыту мақсатында ойластырылған шара. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға бірлескен шығармашылық арқылы дені сау адамдардың ортасына бірлесуге көмектеседі. Өз ісінің мамандары көзі көрмейтін адамдармен білімі және шеберліктерімен бөліседі.

Жоба аясында ұйымдастырушылар биылғы жылы көзі көрмейтін адамдардың өмірлік жағдайға байланысты ашылған бірегей көркем мүмкіндіктерін көрсетуге, көру қабілеті бойынша мүгедектердің әлеуметтік құндылығын дәлелдеуге шешім қабылдады.

Көрмеге көзі көрмейтін және нашар көретін мәдениет үйінің көркем шығармашылық әуесқойларының жұмыстары қойылды. Олар кәсіби суретші Виктор Аренттің басшылығымен орындалған.
"Мен осындай шеберлік сабағын алғаш рет өткіздім. Бұл менің алғашқы тәжірибем, қиын болды, бірақ жұмыс барысында көптеген қызықты ойлар мен міндеттер пайда болды. Біз тіпті досым Олег Дроздовпен тәжірибе жүргіздік. Оның көзін байлап, бірдеңе салуды сұрадық. Сол кезде Олегтің түрі өзгеріп, мимикасы, тіпті ішкі сезімдері өзгерді десек те болады. Шеберлік сабақтарға қатысушылар өте белсенді болды және жемісті жұмыс істеді. Біз бүгін осы көрмеде соның нәтижелерін көріп отырмыз", - дейді Виктор Арент.
Көрменің ашылуында жобаның барлық қатысушыларына алғыс хаттар табыс етілді. "Интеграция" көрмесі 10 қарашаға дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы