Қарағандыда блок-бекеттегі қызметкерлерді мерекемен құттықтады

7 Мамыр 2020, 16:12
1355
Бөлісу:
Қарағандыда блок-бекеттегі қызметкерлерді мерекемен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы Полиция департаменті басшылығының бастамасымен аумақтық полиция бөліністерінің басшылары блок-бекеттерде қызмет атқарып жүрген қызметкерлерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, естелік сыйлықтар табыстады, деп хабарлады Polisia.kz.


7 мамыр күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Ерлан Ақылбеков "Соқыр" блок-бекетінде болып, қызмет атқарып жатқан қызметкерлерді мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар табыстады.
Төтенше жағдай режимі басталғалы сіздер жеке уақыттарыңызбен санаспай, қоғамдық қауіпсіздікті қадағалап, ел үшін қызмет атқарып жатырсыздар. Сіздерге зор алғысымды білдіре отырып, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін, – деді Ерлан Ақылбеков.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде төтенше жағдай режимі 16 наурызда жарияланған болатын. Бүгінгі таңда Қарағанды облысы бойынша 41 блок-бекет бар және онда туәлігіне 120-дан астам полиция қызметкері жұмыс атқарып келеді.  


Өзгелердің жаңалығы