Қарағандыда "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы таныстырылды

31 Қазан 2019, 04:15
1950
Бөлісу:
Қарағандыда "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда "Абзал" сауда үйінде акция ұйымдастырылды. Мұнда еріктілер қала тұрғындарына "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы туралы әңгімелейді, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Олар жобаға қалай қатысуға болатынын және кім өтінім бере алатынын түсіндіреді.

"Өтінімдерді қабылдау 1 қарашада аяқталады,осыған байланысты біз қарағандылықтарға олардың жобаға қатысуға соңғы мүмкіндігі бар екенін айтуға шешім қабылдадық. Біздің акциямыз кешке дейін жалғасады. Кез келген адам өзін қызықтырған барлық ақпаратты ала алады.Біздің еріктілер қатысушыларды тіркеу рәсімін де түсіндіреді", - дейді "Рухани жаңғыру" аймақтық жобалау кеңсесінің әкімшісі Дана Санаубаева.

Естеріңізге сала кетейік, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасына елде де, одан тыс жерлерде де тұратын 39 жасқа дейінгі кез келген азамат қатыса алады. Үміткерлердің қоғамдық қызметтегі, ғылымдағы, медицина мен спорттағы нақты жетістіктері қаралатын болады. Өтінімді қалдыру үшін 100janaesim.ruh.kz сайтына кіріп, сауалнаманы толтыру қажет. Жобаның үшінші маусымы жас қазақстандықтардың жетістіктеріне арналады. Үміткерлер арасында спортшылар, медицина қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, мәдениет саласының өкілдері бар.

Өзгелердің жаңалығы