Қарағанды: Әскери міндеттілер қатарынан шыққан еріктілерді оқыту басталды

14 Сәуір 2020, 04:40
1449
Бөлісу:
Қарағанды: Әскери міндеттілер қатарынан шыққан еріктілерді оқыту басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда қорғаныс істері жөніндегі департаменттің облыстық жиын пунктінде арнаулы жиынға шақырылған еріктілерді оқыту басталды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Арнайы оқудан өткен соң оларды қала аумағын санитарлық өңдеу отрядтарына қатыстырады. Сондай-ақ әскерге шақырылғандар блок-бекеттерде кезекшілік етіп, қалалық жедел штаб жұмысына көмек береді.

Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы Жарлыққа қол қойған болатын

Қарағандыда 150-ден астам ер адам өтініш білдірді, олардың 95 әскерге шақырылғандар іріктеліп алынды. Резервшілер тек облыс орталығында ғана таңдалды. Облыстың басқа қалалары мен аудандарында арнаулы жиындар өткізу әзірге жоспарланып отырған жоқ.

Бұл қиын уақытта ешкім ортақ істен тыс қалмауы тиіс. "Жас сарбаз" қозғалысындағы менің әріптестерім арнаулы жиындарда қызмет өткеру үшін алғашқылардың бірі болып келгенін мақтан тұтамын. Мен де әскери міндеттілер ретінде өз үлесімді қосу туралы шешім қабылдадым. Бұл біздің борышымыз, - дейді  облыс бойынша "Жас сарбаз" ҚБ төрағасы Рустам Жаналиев.


Әскерге шақырылған еріктілер кезінде Қарулы Күштерде қызмет атқарған. Әскери тәртіптің ерекшеліктерін меңгерген. Әскери міндеттілер шақырылғаннан бастап әскери қызметшілер мәртебесіне ие болады. Олардың барлығы жалақы, сондай-ақ заң бойынша тиісті жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер алады. 



Өзгелердің жаңалығы