Қарағандыда 2020 жылы 154,5 млн жұмыртқа өндірілген

30 Сәуір 2020, 07:49
1212
Бөлісу:
Қарағандыда 2020 жылы 154,5 млн жұмыртқа өндірілген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР АШМ елдегі дағдарысты жағдайға байланысты құс шаруашылығын қолдау туралы, оның ішінде 2020 жылға азық-түлік ретінде пайдаланылатын жұмыртқа өндіруді субсидиялау жалғасатынын айтқан.

АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасында 2020 жылдан бастап жұмыртқаға тауар-спецификалық субсидияларды алып тастау қарастырылған. Мемлекеттік бағдарлама қабылданған кезде 2017 жылы құс фабрикаларының басшыларымен және құс өсірушілер салалық қауымдастығымен келісілген. Алайда, 2020 жылы тағамдық жұмыртқа өндірісінің өзіндік құнына COVID-19 вирусының таралуынан туындаған дағдарыстық жағдай әсер етті. Бұл жағдайда Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыртқа өндірушілерді қолдауды және "тағамдық жұмыртқа өндірісін субсидиялау" бағытын сақтауды ұсынды, - делінген хабарламада.

Нақты мәліметке сүйенсек, республикада жалпы 31 құс шаруашылығымен айналысатын фабрика бар. Соның ішінде құс шаруашылығы көшбасшыларының бірі – Қарағанды облысы үшін жұмыртқаға берілетін субсидияның маңызы зор.

Статистика бойынша, 2019 жылы өңірде 750,9 млн дана жұмыртқа өндірілген. Бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 3,3%-ға өскенін көрсетеді.

2020 жылдың бірінші тоқсанында ғана облыста 154,5 млн жұмыртқа өндірілді.


Өзгелердің жаңалығы