Қарағандыда 2019 жылы 20 мыңнан астам жас тұрақты жұмысқа орналасты

2 Наурыз 2020, 23:34
1215
Бөлісу:
Қарағандыда 2019 жылы 20 мыңнан астам жас тұрақты жұмысқа орналасты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында 2019 жылы 20 мыңнан астам жас тұрақты жұмысқа орналасты. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде айтылды.

Қарағанды облысында жастар саясатын жүзеге асыруда жұмыспен қамту мәселесіне баса назар аударылуда. Осы жылдан бастап кәсіпкерлікті дамытуға гранттар тек ауылдағы ғана емес, сонымен қатар моноқалалардағы жастар да ала алады. Сондай-ақ осал топтардан шыққан жастарға көмек көрсетуге арналған ZhasProject жобасы іске қосылған.

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұржан Жетпісбаев мәлім етті.

2019 жылы 20 745 жас тұрақты жұмысқа орналасқан. 1573 адам жастар тәжірибесіне жіберілді. "Дипломмен - ауылға!" бағдарламасы бойынша 455 ЖОО түлегі жұмысқа орналасты. Жас мамандар қолдау алып, сонымен қатар тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген несие алады.
Жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға көп көңіл бөлінуде. Тек өткен жылы ғана "Бастау Бизнес" және "Жас кәсіпкер" жобалары аясында 1417 адам гранттар алды.
Биыл облыста ZhasProject жобасын іске асыру басталды. Біз үшін ең бастысы - осал топтардан шыққан жастарды және жұмыссыз жүрген жастарды тарту болып табылады. Қатысушыларға оқу бағдарламасынан өтуге, ай сайынғы әлеуметтік шәкіртақы алуға, өз ісін ашуға грант алуға мүмкіндік беріледі, - деді Нұржан Жетпісбаев.


Сонымен қатар өңірде ауыл-аймақтағы жастардың кәсіпкерлігін дамыту үлкен қолдау тауып отыр. Ол үшін жыл сайын аймақ әкімінің грантына байқау жарияланады. Сала басшысының айтуынша, биылдан бастап аталмыш байқауға тек ауыл тұрғындары ғана емес, шағын қалалардың жастар да қатыса алады.

Өзгелердің жаңалығы