Қарағанды облысында жаңа мал шаруашылығы кешені іске қосылады

6 Тамыз 2019, 01:51
1873
Бөлісу:
Қарағанды облысында жаңа мал шаруашылығы кешені іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының фермерлері мал шаруашылығы саласында ірі жобаларды жүзеге асыруда. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды. 

Бұқар Жырау ауданының Новоузенка ауылдық округінде күзде ет өндіру кешенін іске қосу жоспарлануда. Мұнда шаруа қожалықтарының бірі сүт өндірісін кеңейту үшін жаңа база салады. Мал шаруашылығы кешенінің құрылысын «Апрель» фермерлік кәсіпорны аяқтайды. Жобаның құны 1 миллиард теңгені құрайды, оның 300 миллион теңгесі – жеке инвестиция. Шошқа етін өндіру үшін Швейцария мен Германиядан асыл тұқымды мал сатып алу жоспарлануда. Кешеннің өндіріс қуаты - жылына 5 мың тонна болмақ.

Кешен жетекшісі Денис Кобелевтің айтуынша, Big Dutchman неміс фирмасының қолданатын технологиясы барлық үдерістерді автоматтандыра отырып, қазіргі қарқынды ресурс үнемдейтін өндіріске негізделген. 

Ол кешеннің биылғы жылдың қазан айында іске қосылатыныны айтты. Инвестордың айтуынша, бастапқы кезеңде 20 жаңа жұмыс орны ашылады.

Salem шаруа қожалығы ірі қара мал өсірумен айналысады. Кәсіпорын 2017 жылдан бастап жұмыс істейді, бүгінде мұнда симментал тұқымды 600 сиыр мен бұқа бар. Жануарлар Луганск пен Башқұртстаннан жеткізілген. Жазғы уақытта сиырлар күніне 2 тоннаға дейін сүт береді.Шаруа қожалығы өндірілген сүттің бір бөлігін «Нәтиже» фирмасына жеткізеді, қалған өнім ірімшік өндіру үшін қайта өңделеді. Кәсіпорын бұқаларды жергілікті бордақылау цехтарына тапсырады. 

«Қазіргі уақытта біз өндірісті кеңейту бойынша жұмыс жасап жатырмыз. 1-қыркүйекке дейін 400 бас ірі қара малға арналған үшінші базаны іске қосамыз. Жоба 400 миллион теңгені құрайтын жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылуда. Өндірісті кеңейту сүт көлемін күніне 5 тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді және қосымша 32 жұмыс орны ашылады», - деді Salem ШҚ басшысы Нұржан Рахымбаев.

Ол өндірістік үдерістер толығымен автоматтандырылғанын атап өтті. Жаңа база үшін итальян, поляк және ресейлік өндірістің жабдықтары сатып алынған.
 

Өзгелердің жаңалығы