Қарағанды облысында вирус жұқтырғандар жайлы мәлімет

9 Сәуір 2020, 10:09
1253
Бөлісу:
Қарағанды облысында вирус жұқтырғандар жайлы мәлімет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған соңғы 2 науқас туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Ауру жұқтырғандардың 2 жаңа жағдайы тіркелді. Барлығы да  коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты  карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған адамдар.  ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19  диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде - делінген хабарламада.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

09.04.2020ж. жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 57 адам анықталды. Қарағанды облысында үй карантинінде  1594  адам бар, ал тәулік бойы бақылауға  818  пациент алынған.

Өзгелердің жаңалығы