Қарағанды облысында Таймас батыр кесенесін қалпына келтірді

21 Тамыз 2020, 09:05
4120
Бөлісу:
Қарағанды облысында Таймас батыр кесенесін қалпына келтірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысындағы Абай ауданында Таймас батыр кесенесін қалпына келтіру аяқталды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Тарихи нысан мемлекет қарауына алынған және «Қасиетті Қазақстан» (Сакральный Казахстан) жобасына енгізілген.

Таймас - батыр Кенесары хан жасақтары басшысының бірі болды. Қолбасшы өзінің ерліктерімен Ұлы даланың даңқын шығарды.

9c6f5ae746bf38cf141f9abf8990365a_original.106341.jpg

Кесенені қалпына келтіру «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы бойынша жасалды. Қалпына келтіру кезінде нысанның сәулеттік тарихи көркі сақталды. Жергілікті ақсақалдар мен зиялылар қауымы жұмысты оң бағалады. Жобаны Мәдениет басқармасы қолдады.

Таймас батыр - ұлт-азаттық қозғалыста сансыз көп әскердің саяси жетекшісі ғана емес, сонымен бірге Алтай өңірінің Қареке биі болды. Бұл туралы түрлі дереккөздегі тарихи фактілер айғақтайды, - деп атап өтті тарихшы Темірғали Аршабеков.

Өзгелердің жаңалығы