Қарағанды облысында әскери ұшақ құлады

16 Сәуір 2020, 21:00
2049
Бөлісу:
Қарағанды облысында әскери ұшақ құлады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Қарағанды облысында МиГ-31 әскери ұшағы апатқа ұшырады.

2020 жылдың 16 сәуірінде Қарағанды ​​дайындық бойынша жоспарлы ұшу кезінде ҚР әскери әуе күштерінің МиГ-31 ұшағы апат ұшырады. Бұл қайғылы оқиға Қарағанды аэродромының оңтүстік бөлігінде болды, -делінген қорғаныс министрлігінің хабарласында.

Ұшақ әуеге көтерілген соң, қозғалтқыштардың бірінен от шыққан. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, әскери ұшқыштар ұшақты тастап кету жөнінде бұйрық алған соң ұшақты далалы аймаққа бағыттап, жергілікті азаматтардың өміріне қауіп төніп тұрмағанына көздері жеткен соң, ұшқыштар И.В. Гаврилько мен А.Құрманғалиев ұшақтан секіріп кеткен. Ұшқыштар дін аман, - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі уақытта әскери тікұшақ экипажды Қарағандыдағы ауруханаға жеткізеді. Бұл оқиға Қарағанды ​​әуежайына 10 шақырым жерде шамамен сағат 19.03-те болған.

Апаттың алдын-ала себебі ретінде қозғалтқыштың істен шығуы аталады.

Оқиға орнына Қарағанды ​​әуежайының жедел құтқару тобы және Қазақстан Республикасының Солтүстік-Шығыс әскери округінің әскери бөлімі кетті.


Өзгелердің жаңалығы